Спорт

Петропавлда мүгедектер арасында облыстық “Үміт” спартакиадасы өтуде

Жалпы, 2 күнге жалғасатын дүбірлі дода спорттың жеңіл атлетика, үстел теннисі, тоғыз құмалақ, шахмат сынды 8 түрін қамтыған. Ұйымдастырушылардың сөзінше, жылдан-жалға аталған сайысқа қатысушылардың саны артуда.

Вячеслав Латышев – “Үміт” мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубының директоры:

– Бұл спартакиадада үздік нәтиже көрсеткен мүмкіндігі шектеулі жандар республикалық чемпионатқа жолдама алады. Байрақты дода тамызда Өскемен қаласында өтеді. Оған жеңіл атлетикадан топ жарған спортшылар қатыса алады.

 

Тогжан Акмагамбетова