Қоғам

Петропавлда ҚР ҰҚК шекара қызметінің бірлескен оркестрі концерт өткізді

Күнделікті шекарашылар қолдарына қару-жарақ алып, елдің шетінде, желдің өтінде тұрады. Бүгін әскерилер дүйім жұртқа өздерінің шекара тыныштығын сақтаумен қатар, өнерден де кенде емес екендерін көрсетуде. ҚР ҰҚК шекара қызметінің бірлескен оркестрі осыдан 7 жыл бұрын жасақталыпты. Құрамында 30-ға жуық сегіз қырлы, бір сырлы әскери азамат бар.

Жұмахан Әбілбеков – ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2032 әскери бөлімі командирінің орынбасары:


– ҚР ҰҚК шекара қызметі ұйымдастырып отырған мерекелік шара Астананың 20-жылдық мерейтойына орайластырылған. Бұл оркестр шекара қызметінің әр әскери бөлімінен құрылған. Репертуарында әскери девиле және патриотттық әндер бар.

Дәл қазір қос шекарашы ақын Алмас Ахметбекұлының көпшілікке танымал “Көк тудың желбірегені» әнің орындауда.

Сондай-ақ, мерекелік концерт барысында “Ел жүрегі – Астана”, “Шекарашылар”, “Я уплываю” сынды шығармалар шырқалды. Айта кетсек, бұған дейін, шекара қызметінің бірлескен оркестрі “Әскери керней” атты халықаралық патриоттық әндер байқауында бас жүлдеге де қол жеткізіпті.

Әділет Сынжанов – ҚР ҰҚК Шекара қызметі әскери оркестрінің музыканты:


– Енді, шекараны қорғаудан басқа, өзіміздің өнерімізді көрсету үшін шекалық аймақтарды аралап, концерт беріп жүрміз. Өзім әнде айтамын, музыкалық аспаптарда да ойнаймын. Қазір мен оркестрдің құрамында тарелкада ойнап жатырмын.

Шекарашылардың 1,5 сағатқа жалғасқан концерті дүйім жұрттың қөңілінен шықты.

– Концерт ұнайды, әрине. Еліміз аман, жұртымыз тиыш болса, шекарамыз берік болса, болашағымызға еркін қадам басатынымызға сенім мол.

– Концерт жақсы ұйымдастырылған. Мейрам қарсаңында шара өткізіп жатыр екен. Аспанымыз ашық болсын. Соғыс көрсетпесін.

– Қазақша әндер ұнады. Көңілімнен шықты.

Тогжан Акмагамбетова