Құқық қорғау органдары

ІІО ардагерлері Елордаға экскурсияға барды

Тұңғыш Президент музейі, Келісім сарайы мен Бәйтерек. Ардагерлер біркүндік сапар барысында елорданың осы және өзге де әсем жерлері мен нысандарын аралаған. Мұндай іс-шараларды ішкі істер саласының мамандары аға буын өкілдері үшін жиі ұйымдастырып тұрады.

Евгений Райтенбах, ІІО ардагері:


– Астана қаласына сапарым көңілімнен шықты. Бір жыл бұрын Елордада өткен ЭКСПО көрмесіне барған едік. Осы 12 ай ішінде әсем қалада орын алған өзгерістер таң қалдырмай қоймады. ІІД басшылығына экскурсия үшін алғыс білдіреміз.


Эльмира Садвокасова