Білім

Жерлес ақынның құрметіне өңірлік педагогикалық оқу өтті

Дөңгелек үстелге қатысып жатқан мына ұстаздар – аудандық және қалалық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары. Олар осыған дейін ақиқық ақын Мағжан шығармашылығына қатысты тың еңбектер жазып, түрлі бағытта зерттеу жұмыстарын жүргізген. Кіл мықты педагогтардың арасында 2-ші кезеңге өткендердің бірі – М.Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейдің мұғалімі Зухра Ауғанбаева. Тіл маманы бұл жолы “Мағжантану” авторлық бағдарламасын дайындапты. Бұл жоба оқытушылардың көңілінен шықса, бағдарлама жаңа оқу жылынан мектеп-лицейдің білім бағдарламасына енбек.

Зухра Ауғанбаева – М. Жұмабаев атындағы гуманитарлық колледж жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі:


– Бүгінгі оқуда жұмысымның алға шығатытына сенімдімін. Себебі, бұл тек авторлық бағдарлама ғана емес, сонымен қатар қазіргі кездегі жаңартылған білім беру мазмұнына қатысты оқу сауаттылығы, түлектердің ҰБТ-ға дайындығы сынды қоғамдық тақырыптарды қамтиды.

“Өрлеу” біліктілікті арттыру ұлттық орталығының жергілікті филиалы қазақ халқының ақын-жазушыларына арналған оқу семинарларын ұдайы өткізіп тұрады. Бұл жолғы шара жерлес ақын Мағжанның 125 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Балғаным Оспанова – “Өрлеу” БАҰО” “СҚФ ПҚ БАИ” аға оқытушысы:


– Бүгінгі педагогикалық оқуға облысымыздың 40 ұстазы қатысып отыр. Бірінші кезеңге 40 жұмыс келіп түсті, ал 2-ші кезеңге 12 жұмыс таныстырылуда. 2-ші кезең онлайн режімде өткізіледі. Олар өз жұмыстарын таныстыруда. 01-30 Мұнда мұғалімдер өздерінің өлеңдерін, сабақ жоспарларын ұсынып отыр.

Өңірлік кезеңде еңбектерімен дараланған ұстаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады.

 

Бахыт Садвокасов