Мәдениет

Жаңа кітаптың тұсаукесері өтті

Әшім Жылқайдаров – Шал ақын ауданы Ақсу ауылының тумасы. Қазіргі таңда азамат Астана қаласында тұрып жатыр. Ол кіндік қаны тамған жерінен шалғайда жүрсе де, осы елді мекеннің 90 жылдығына орай кітап жазуды жөн көрген. Оның еңбегінде ауылдың тарихы, Есенгелді ұрпақтары және кейінгі буын өкілдері жайлы айтылады. Туынды “Есенгелді шежіресі”, “Жаңа кеңшар – жаңа серпін”, “Біте қайнасқан жұрт”, “Ел аузында” бөлімдерінен тұрады. Жерлесіміз аталмыш жинағын жарыққа шығару үшін 3 жыл көлемінде еңбектенген екен.

Әшім Жылқайдаров – “Есенгелді – елім, Ақсу – ауылым” кітабының авторы”:

– Кітапқа керекті мәліметтерді жинау үшін Сергеев қаласының, сондай-ақ, СҚО-ның архивіне жүгініндім. Сондай-ақ, ауылдағы ақсақалдардан сұрастырдым.

Шал ақын ауданындағы іргесі сөгілмеген Ақсу ауылы 1928 жылы маусымның 30-ында 3 ауылдың бірігуі негізінде құрылған екен. Қазіргі таңда аталмыш елді-мекенде 48 отбасы ғана қалған. Олардың басым бөлігі Есенгелдінің ұрпағы.

Әшім Жылқайдаров – “Есенгелді – елім, Ақсу – ауылым” кітабының авторы:

– Есенгелді атамыз Атығайдың Құдайберді деген ұлының 6 баласының бірі. Оның ұрпақтары 18 ғасырдың соңы мен 19 ғасырдың басында Ақсу ауылына көше бастаған.

Жинақ 170 дана тиражбен басылып шыққан екен. Олардың бірқатары С.Мұқанов атындағы кітапханаға табысталды.

Молдир Макишева