Аптадағы маңызды жаңалықтар

Ұлттық Банк “7-20-25” бағдарламасын бекітті

Елімізде әрбір қазақстандықтың баспанамен қамтылуына ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте жыл сайын қыруар жұмыс атқарылуда. Алайда, оның өзі әзірге жеткіліксіз. Сол себепті Елбасы Н.Назарбаев 5 әлеуметтік бастамасының бір бағытын аталған салаға арнаған болатын. 7-20-25 бағдарламасы тұрғындардың отбасылық бюджет аясында баспанаға қол жеткізуін қарастырады. Бүгінде жоба бекітілді. Енді ағымдағы жылдың екінші жартысынан бастап, бағдарлама іске қосылады.

Диас Мэлс – “ҚР Ұлттық банкі” СҚОФ директорының орынбасары:


– Жылдық пайыздық мөлшерлеме 7, алғашқы жарна 20 пайыз болуы керек. Несие 25 жылға дейін беріледі. 08-46 Ұлттық Банк «Баспана» ипотекалық ұйымын құрды. Аталған ұйым 7-20-25 бағдарламасының операторы болып табылады
.

Аталған оператор облигацияларды шығару және орналастыру есебінен Қазақстан қор биржасына 1 трлн теңге көлемінде ақша тартпақ. Бұл қаражатты кейін банктер ипотекалық үй қарыздарын сатып алуға жұмсамақ. Әзірге, бағдарламаның жүзеге асырылуына қатысатын қаржы институттарының тізімі белгіленбеген.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:


– Жаңа бағдарламаға баспанасы жоқ азаматтар ғана қатыса алады. Бірақ әрбір адамның төлем қабілеттілігіне баса назар аударылады. Соның өзінде қазақстандықтарға тағы бір жеңілдік қарастырылған. Ипотеканы отбасында жұмыс істейтін бірнеше адамның тұрақты табысын растап, рәсімдеуге болады.

Эльмира Сәдуақасова