Спорт

Петропавлдық полицейлер челленджге қатысты

Жауапты да маңызды қызметті атқаратын тәртіп сақшыларының денсаулықтары әрдайым мықты болуы қажет. Сондықтан, полицейлер салауатты өмір салтын ұстануға тырысады. Сондай-ақ, мамандар тұрғындарды спортпен шұғылдануға үндеп, зиянды әдеттерден аулақ болуға шақырады. Мәселен, қалалық ішкі істер басқармасының есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері “Есірткісіз қала” деген атаумен челлендж ұйымдастырды.

Тәртіп сақшылары бұл шараны елорданың мерейтойына арнады.

Осылайша, ырғақты әнмен жарты сағат көлемінде түрлі іс-қимылдар жасаған олар көпшілікке үлгі көрсетті. Полицейлердің сөзінше, аталған челлендж адамдарға жақсы көңіл-күй мен сергектік сыйлауға септеседі.

Тогжан Акмагамбетова