Құқық қорғау органдары

ІІО ардагерлері сауықтыру орталығына аттанды

Мына жандар бірер сәттен соң Алматы қаласындағы ІІМ-нің сауықтыру орнына жол жүреді. Олардың барлығы түрлі жылдары ішкі істер органдарында талмай еңбек еткен, ал бүгінде құрметті демалыста жүр. Астананың 20 жылдығына орай ұйымдастырылған шипажайлық ем-дом шараларына ІІО-ның 14 ардагері аттанбақ.

Сала ардагерлерін олардың ізбасарлары шығарып салды. Жалпы еліміздің оңтүстік астанасында орналасқан сауықтыру орнына жерлестеріміз осымен 7-ші рет жол жүреді.

Файзолла Кайруллин – Ішкі істер органдарының ардагері:

– Мен сауықтыру орнына бірінші рет барайын деп жатырмын. Денсаулығымды дұрыстап, жақсы демалып қайтамын деген ойдамын. Бұған қоса, басқа да ардагерлермен танысамыз. Мұндай мүмкіндік беріп отырған ұйымдастырушыларға алғысымды білдіремін.

Айта кетсек, ардагерлердің тағы бір тобы Астана қаласына аттанбақшы. Оларға елорда бойынша экскурссия өткізіледі.

Мөлдір Мақышева