Білім

Биыл теріскейлік 2428 түлек ҰБТ тапсырды

Өкінішке орай, ең жоғары 140 баллды ешкім қоржынына байлай алмады. Дегенмен, 400-ге жуық ұл-қыз 100, ал 58-і 120 және одан жоғары ұпай жинаған. Облысымызда өте жақсы көрсеткішке “Білім-инновация” лицейінің оқушысы Рауан Меркеш қол жеткізді. Түлек 135 сұраққа дұрыс жауап беріпті. Айта кетсек, осы жолы ҰБТ-де шекті деңгейге жете алмағандар тамыздың 19-ы мен 24-і аралығында тағы бір мәрте өздерінің бақтарын ақылы түрде сынай алады. М. Қозыбаев атындағы СҚМУ-де өтетін тестілеу 2242 теңгені құрамақ. Бұнда да талапкерлердің жолы болмай қалса, оларды ЖОО-ы шартты түрде қабылдауы мүмкін. Осылайша, бірінші семестрден кейін қайта ұйымдастырылатын сынақтан ойдағыдай өткен ұл-қыздар оқуларын әрі қарай жалғастыра алады.

Тогжан Акмагамбетова