Без категории

22 маусым – Ұлы Отан соғысы басталған күн

– Осыдан тура 77 жыл бұрын фашистік Германия Кеңес Одағына соғыс ашты. Дәлірек айтсақ, маусымның 22-сі, шамамаен таңғы 4-те неміс әскери бастыс шекараға басып кірді. Төрт жылдық қан майданда кеңес үкіметі 27 млн. адамынан айырылды. Бүгін Отан үшін от кешкен жауынгерлерді еске алу мақсатында қала тұрғындары “Жеңіс саябағына” жиналып, ескерткішке гүл шоқтарын қоймақ.

Шаһар тұрғындарымен бірге, рәсімге облыс әкімінің орынбасары Мадияр Қожахмет те қатысты.

Отты жылдары миллиондаған сарбаз майдан даласында оққа ұшты. Елге қайтқандарының алды бүгінде тоқсаннан асты. Кескілескен қан майданда жаудан тайсалмай, Отанын қорғағандардың арасында Николай Демин де болды. Ол сұрапыл соғыс басталғанда небары 15-тегі бозбала еді.

Николай Демин:

– Мені әскерге 1943 жылы шақыртты. Ол кезде жасым 17-ге толып үлгерді. Сөйтіп мен Беллорусь жеріндегі майданға қатыстым. Әлі жас болғандықтан, бойымда қорқыныш болды. Бірақ, өзімнің туған-туыстарым мен жақындарымның амандығын ойладым.

Неміс басқыншыларына қарсы күресте батырларымыз жанқиярлық ерлік көрсетіп, жеңіс үшін барларын салды. Жауынгерлердің қан майдандағы қайсарлығы біздің жадымызда мәңгі қалады.

– Олар да біз сияқты жас болды. Алайда, сескенбей соғыс майданына аттанды.

– Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ерлігі мен еңбегі ешақашан ұмытылмайды. Олар да бізбен шамалас болғанда қанды майданға аттанды. Болашақ ұрпақ үшін жандарын қиды.

Ескерткішке гүл шоқтарын қою рәсімінен соң, жиналғандар сол сұрапыл соғыста қаза тапқан миллиондаған құрбанды бір минут үнсіздікпен еске алып, рухтарына тағзым етті.

Молдир Макишева