Құқық қорғау органдары

СҚО полицейлері балалармен баскетбол ойнады

Аталған бастама аясында жылдам әрекет ету жасағының мамандары балалар үйінің тәрбиеленушілері арасында спорттық жарыс өткізді. Сайысқа тәртіп сақшылары мен жеткіншектер белсене ат салысып, баскетбол ойынына қатысты.

Ерлан Базарбаев, СҚО ІІД жылдам қимылдайтын арнайы жасақтың инспекторы:

– Бүгін елімізде салауытты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған акция өткізілуде. Шараның мақсаты – жастарды спортпен шұғылдануға шақыру. Осыған орай, балалар үйінің тәрбиеленушілермен бірігіп, жарыс өткіздік.

Эльмира Садвокасова