Ауа райы

Оңтүстік-батыстан қатты жел соғады

Кейін оның бағыты солтүстік-батысқа күрт ауысады. Желдің екпіні секундына 20, ал кей жерлерде 28 метрге дейін жетуі ықтимал. Синоптиктер ауа райындағы бұндай өзгерістер өзімен бірге жаңбыр мен бұршақ ала келеді деп болжап отыр. Осыған байланысты ТЖД мамандары сақтық шараларын ұстануға кеңес береді.