Қоғам

«ҚДТ» партиясының құйтырқы әрекеті анықталды

Олар қазіргі биліктің жағымсыз бейнесін қалыптастырып, қоғамда наразылық көңіл-күй орнату мақсатында әлеуметтік желілерде түрлі жалған хабарламалар таратуда. Атап айтсақ, Мұхтар Әбіләзовтың басшылығымен дайындалған роликтерде қазақстандықтардың атын жамылған украиндық актерлер халықты әлеуметтік араздық пен алауыздыққа үгіттейді. Осылайша, роликке түскен азаматтардың шығу тегі де, айтылған ақпарат та шындыққа жанаспайды.

Осындай хабарламаларды пайдаланған қашқын банкир мен оның жақтастары қазақстандықтарды маусымның 23-і күні өтетін митингтерге қатысуға шақырады. Еске сала кетейік, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» атты қозғалысқа ел аумағында тыйым салынған. Экстремистік ұйымының кез-келген әрекетіне қатысқан немесе оны қаржыландырған тұлғаларды қылмыстық жауапкершілікке тарту қарастырылған.