Көлік бақылау инспекциясы мемлекеттік қызмет көрсету ісін жетілдіруде

МТРА жаңалықтары

14:23 19 Маусым 2018

Көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, салмағы ауыр жүкті тасымалдауға рұқсаттама беру. Жалпы, бүгінде облыстық көлік бақылау инспекциясы жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтің 19 түрін көрсетеді. 7-уі автомобиль көлігі, 9-ы су, ал 3-уі теміржол көлігі саласына тиесілі.

Андрей Марков – СҚО көлік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

– Қазір мемлекеттік қызметті алу үрдісі толықтай автоматтандырылған. Қажетті рұқсаттамалар мен құжаттарды электрондық үкімет порталы арқылы, тағы ХҚКО-да алуға болады. Ал шетелдіктерге бұл құжаттар тікелей мемлекеттік органның өзінде беріледі.

2018 жыл басталғалы инспекцияға мемлекеттік қызмет аламын дейтін азаматтардан 941 өтініш түсіп, 731-і мақұлданған. Ал қалған өтініштерді қабылдамауға азаматтардың қажетті талаптарды сақтамауы себеп болыпты.

Андрей Марков – СҚО көлік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

– Көбі қажетті төлемдерді жасамайды, керек болғанда басқа органдардың рұқсатын алмайды, шындыққа жанаспайтын ақпараттарды береді және тізімде белгіленген құжаттарды толық жинамайды. Мұндай олқылықтар болып жатса, біз мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға құқылымыз.

Жүк тасымалдау, су, теміржол көліктері және автомобильдерді пайдалану талаптарының сақталуы да инспекцияның жіті бақылауында. Мәселен, қазіргі таңда жүк көлігінің бір осіне түсетін салмақ 10 тоннадан аспауы тиіс. Алайда, осы және басқа да ережелерді сақтамайтындар бар. Мұндай жағдайда ведомство норманы бұзғандарға әкімшілік айыппұл сала алады.

Андрей Марков – СҚО көлік бақылау инспекциясы басшысының міндетін атқарушы:

– 2018 жылдың соңғы 5 айында автомиль көлігі саласында 302, темір жол көлігі саласында 30, ал су көлігі саласында 4 әкімшілік құқықбұзушылықты анықтап үлгердік. Айыппұлдардың жалпы сомасы 23 млн-нан асады.

Автокөліктерді техникалық байқаудан өткізудегі бармақ басты көз қыстылықты болдырмау да қолға алынған. Қазір темір тұлпардың қолданысқа жарамдылығын анықтайтын жеке меншік станциялардың бәрі бейнекамералармен жабдықталса керек. Материал инспекция базасында сақталады. Сондықтан, ақауы бар көлікке қажетті рұқсаттаманы бергендерді де қомақты айыппұл күтіп тұр.

Саят Ермек

Бұдан әрі оқыңыз

Өңірдегі тұрғын үй қорының ауқымы
Стартапшылардың байқауы өтті
Аймақ басшысы Қызылжар ауданында қоғамдық қабылдау өткізді
Қала маңындағы қоқыс полигондарына қатысты мәселе шешілмек
СҚО әкімі аппаратының басшысы басқа лауазымға ауысты
Қазақстан мен Ресейдің 16-шы өңіраралық ынтымақтастық форумы
Алдағы екі күнге арналған ауа райы мәліметі
Аймақ басшысы шаһарда қоғамдық қабылдау өткізді
Ресейлік инвесторларға “Qyzyljar” арнайы экономикалық аймағы таныстырылды
Мамлют ауданының өнерпаздары қорытынды концерт ұйымдастырды
СҚО-да “Цифрландыру күндері” аяқталды
2019 жылғы 18 қазандағы “МТРА жаңалықтары” қорытынды ақпараттық бағдарламасы