ТЖ

Маусымның 9-ында суға кеткен жеткіншектің денесі табылды

Ойын барысында Данил ЗахарЕвич түсіп кеткен ағаш бұтағына ұмтылғанда өзі де құлап кетіпті. Сол уақыттан бері 7 тәулік бойы құтқарушылар мен еріктілер тобы жеткіншекті іздеумен болды. Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары Новоникольское ауылынан бастап қалаға дейінгі аумақтың барлығын қамтуға тырысқан. Қатты су ағыны мен өзен астындағы ағаштар және өзге де бөгде заттар іздеу жұмыстарына біраз кедергі келтірді.

Нурлан Кулкашев, СҚО ТЖД жедел-сүңгуілер бөлімшесінің бас құтқарушысы:

 

– Өзеннің кей жерлеріне қармақ та құрдық. Таңғы 6-дан бастап, күн батқанша дейін кезек-кезек іздедік. 50-ге жуық ерікті көмектесті. Баланы Водопроводное селосынан 3 шақырым жерде өткен сенбі таңғы 7-і шамасында таптық. Оның денесі су бетіне шығып тұрды.

Эльмира Сәдуақасова