Билік

Ақжар ауданына жаңа әкім тағайындалды

Ербатыр Мадьяров 1971 жылы Ресейде – Омбы облысының Исилькуль ауданында дүниеге келген. Еңбек жолын 1992 жылы Омбы облысындағы Лесной кеңшарында ветеринарлық дәрiгер болып бастаған. Кейін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлiгi агроөнеркәсiптiк кешендегi мемлекеттiк инспекция комитетiнде еңбек еткен. Осы тағайындауға дейін Ербатыр Мадьяров облыстық ветеринария басқармасының басшысы қызметін атқарды. Жаңадан тағайындалған әкімге өңір басшысы бірқатар тапсырмалар жүктеді. Соның бірі – аудандағы әлеуеті жоғары сала – ауыл шаруашылшығын әрі қарай дамыту.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Жыл сайын аудан халқының әл-ауқатын жақсарту. Жол, су мәселесін шешу. Басты байлығымыз жердің әлеуетін пайдалану. Ол үшін мемлекет тарапына жағдай жасалған.

Материалдың толық нұсқасын маусымның 19-ы күндізгі және кешкі жаңалықтар топтамасынан көре аласыздар.


 

Магжан Ахмадина