Спорт

Мектеп оқушылары арасында футболдан облыстық чемпионат өтуде

Футбол алаңында Мамлют ауданының ойыншылары мен петропавлдық “Жеңіс” құрамасы кездесіп отыр. Тартыстың алғашқы минуттарынан, қос команда футболшылары бір-бірінің қақпаларын торуылға алды. Алайда, тек қалалық құраманың айласы асып, олар қарсылас қақпасына бірінен соң бірін бірнеше гол дарытты. Осылайша, петропавлдық команда 8:0 есебімен жеңіске жетіп, ақтық кезеңге өтті.

Ануар Сейтахметов – жарысқа қатысушы:


– Біз оларды жеңдік. Гол соққаныма өте қуаныштымын. Олар жақсы ойнайды. Мықты құрама екен. Болашақта ең жақсы, үлгілі футболшы болғым келеді.

Жалпы биылғы жарысқа 2005-2008-ші жылғы балалардан құралған 13 құрама қатысып, байрақты бәсекеде сынға түсуде. Осы тартыста жеңіс тұғырынан көрінген команда өңір намысын республикалық сында қорғамақ. Ұйымдастырушылар теңбіл доп жарысына қатысушылардың саны жыл санап артып келетінін айтады.

Есілбай Омаров – БЖСМ облыстық дене шынықтыру-спорт орталығы директорының орынбасары:


– Өңірде футбол жақсы қарқын алып келеді. Негізгі командамыз бар. 2005-2006 жылғылар өткен жылы жүлделі орын алған болатын  “Чемпионат өткізіп отырмыз. 2007-2008-ші жылғылар арасында. Жарысқа барлық аудандардан және қаладағы спорт мектептері қатысып жатыр.


Тартысты додада жеңіске жеткен команда Алматы қаласында өтетін республикалық жарыс жолданамасын иеленбек.


 

Бахыт Садвокасов