Спорт

Республикалық спорттық акцияны білім басқармасы қолдады

Білім басқармасының мамандары, мектеп директорлары және мұғалімдер. Орталық алаңға таңмен таласа салауатты өмір салтын ұстанатын 150-ге жуық адам жиылды. Олар “Алға Қазақстан” әнінің ырғағымен ашық аспан астында біркелкі қимыдап, кешенді жаттығулар жасап жатыр. Айта кеткен жөн, челлендждің эстафетасын облыстық білім басқармасының мамандарына денсаулық сақтау басқармасындағы әріптестері жіберген болатын.

Гүлмира Кәрімова – СҚО білім басқармасының басшысы:

– Денсаулық негізі – мектептен басталады. Білім ұясында тек балалар ғана емес, мұғалімдер де спортпен шұғылданулары тиіс.

Қазақстанда аталмыш республикалық акция ресми түрде маусымның 4-і басталды. Бұл бастама қазақстандықтарда спортпен шұғылдану әдетін қалыптастыруды көздейді. Ол үшін жаттығуға 21 күн бойы таңертең жарты сағат бөлу жеткілікті.

– Спорт – біздің өмірімізде маңызды орын алады. Жуырда оқушыларымыз осы акцияға қатысқан болатын. Енді біз де аталмыш шараға үн қосып жатырмыз.

Молдир Макишева