Әр түрлі

Ботаникалық бақтың тағдыры шешілмек

Бұл ретте алаңдауға себеп жоқ. Бақ өз жұмысын ары қарай жалғастыратын болады. Білікті мамандары да қызмет орнын сақтап қалмақ. Керісінше, қайта құру шаруалары жүргізіліп, оранжерея қалыпқа келтіріледі. Бүгінде жергілікті дизайнерлер мен сәулетшілер бұл жобаның эскизін дайындау үстінде. Ол қабылданған соң, бюджеттен қажетті қаражат бөлінбек.

Евгений Глотов – Петропавл қаласы әкімінің орынбасары:


– Ботаникалық бақ аумағында жөндеу жұмыстарын жүргіземіз. Оның аясында кішкентай сәулет мүсіндері қалыпқа келтіріледі. Тротуарлар мен шам бағандары жөнделеді. Сондай-ақ, жасыл желек отырғызу жоспарда бар. Айта кету қажет, оранжереядағы бірде-бір гүл мен ағашқа нұқсан келмейді.

Эльмира Сәдуақасова