Көлік және жолдар

“Egov” порталында көлік жүгізушілеріне арналған жаңа қызмет түрі іске қосылды

 

Жуырда автокөлік жүргізушілері мен иелеріне қатысты заңнамаға бірқатар өзгерістер енгізілді. Бұдан былай мерзімі өткен жүргізуші куәлігін ауыстыру кезінде медициналық куәландырыудан өту міндетті емес.

Сергей Гизбрехт – СҚО ІІД тіркеу-емтихан бөлімінің бастығы:

– Ал, маусымның 11-інен “Egov” электронды үкімет порталында жүргізушілерге жаңа қызмет түрі көрсетіле бастады. Мұнда кез келген көлік иесі өзінің көңілі қалаған автокөлік нөмірін иеленуге өтінім бере алады. Бұрынғыдай сағаттап кезек күтудің қажеті жоқ.

Қызмет түрі қосылған алғашқы күннен-ақ жаңашылдық шарапатын 20 теріскейлік сезініп үлгерді. Электрондық үкімет порталының көмегіне шаһар тұрғыны Виталий Михайлов та жүгінген. Жерлесіміздің таңдауы “015” нөміріне түсіпті.

Виталий Михайлов – қала тұрғыны:

– Бүгін мен көзге бірден түсетін нөмірге қол жеткізіп отырмын. “Egov” электронды үкімет порталының оң тұстары көп. Жүйе жұмысбасты темір тұлпар иелерінің уақытын үнемдеп, шаруасын біршама жеңілдетпек.

Бұдан өзге, маусым айының соңынан бастап көлік жүргіушілері мемлекеттік баж салығын төлеу мүмкіндігіне де ие болады.

Бақыт Сәдуақасов