Қоғам

Өңір тұрғындары Қадір түнін қарсы алды

Бақыт Сәдуақасов – тілші:


– Мейірім-шапағатқа толы Рамазан айының әр күні мен әр түні қасиетті. Оның ішінде Қадір түнінің орны бөлек.Осы түні жер бетіне періштелер түсіп, Алла үйіне келіп тілек тілегендердің тілегі орындалады деген сенім бар.

Күн бата солтүстікқазақстандық мұсылман жамағаты, «Қызылжар» орталық мешітіне ағылуда. Мың айдан да артық бұл түні дұға жасап, жаратушымызға құлшылық етуге ниеттенген кәрі-жас осы жерден табылды. Ең алдымен аузы берік жерлестеріміз ақшам намазына жығылып, кейін ауызашар тамағын ішті. Осы жылы «Қызылжар» орталық мешітінде ауыз бекіткендерге арнап күнделікті ас беріліп жатыр. Ал бұл түнде 2 мың адамға кең дастарқан жайылды. Содан соң, мұсылман қауымы құптан намазы мен тек ораза уақытында айтылатын тарауық намазын оқыды. Мешіт өкілдері Рамазан айында құлшылық жасайтын жандарға жазылатын сауаптың молынан болатындығын айтады.

Мақсат Жұмаханов – «Қызылжар» орталық мешітінің наиб-имамы:


– Пайғамбар хадисінде кімде кім Алла тағалаға сауабын үміт ете тұрып, намаз, құлшылық, ғибадат болса, ол кісінің өткен-кеткен күнәлары кешіріледі. Рамазан айы басталған намазымызды, осы күнде дұға етеміз. Мұнда әр адам тілек етіп, Алладан жәрдем сұрайды.

Қасиетті түнде Алланың үйіне аяқ басқан мұсылман бауырларға дін өкілдері уағыз айтып, Құран хадистердің аяттарына тоқталды. Дұға-тілек жасағандар біліп-білмей жасаған күнә-амалдары үшін Алла тағаладан кешірім сұрады. Біреулері ауру-сырқау жандардың дертіне шипа сұраса, енді бірі жанұясының амандығын ниет қылды.

– Қадір түніне жыл сайын келіп тұрамын. Биыл отбасымды бірге ала келдім.


– Өз басым жұмалыққа апта сайын қатысамын. Осы күні Аллаға сыйынып, дұға етемін.

Жалпы қасиетті түнді мешітте қарсы аламын деген жерлестеріміздің саны жылма-жыл артып келеді.

Бахыт Садвокасов