Денсаулық сақтау

Маусымның 28 Петропавлда Санкт-Петербургтық дәрігерлер қабылдау өткізеді

«Атлант» медициналық орталығының мамандары мойын омыртқасындағы ақауларды жоюмен айналысады. Бірнеше жылдың ішінде санктпетерборлық дәрігерлер швейцарлық озық әдісті қолданып, қазақстандық және ресейлік мыңдаған пациентке ем-дом шараларын жасаған. Нәтижесінде клиенттер белдегі және мойындағы ауруларды біржолата ұмытты дейді «Атлант» медициналық орталығының дәрігерлері.

Владимир Бочановский -Санкт-Петербургтық «Атлант» медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:


– Денедегі қан тамырлары мойын омыртқасында түйіскен. Сондықтан, бұл буын сәл жылжып кетсе, түрлі дене мүшелерінің функциясы бұзылады.

Мамандардың айтуынша, мойын омыртқасы жарақат алған кезде орнынан қозғалып кетеді. Бұл адамдға бірден байқалмауы мүмкін. Денедегі ауырсыну сезімдері уақыт өте келе пайда болады. Сонда пациенттер негізінен иық, бел, қол және бас ауруына шағымдана бастайды. Өйткені, орнынан жылжып кеткен атлант миға қан жеткізетін күре тамырларды қысып тастайды. Мойын омыртқасындағы бұндай ақауларды ресейлік дәрігерлер түзей алады.

Владимир Бочановский -Санкт-Петербургтық «Атлант» медициналық орталығының дәрігер-реабилитологы, РФ:


– Мойынның терең бұлшық еттеріне аппараттың көмегімен есер етеміз. Ол өз кезегінде тікелей атлантқа серпін береді. Осындай әдістің көмегімен, омыртқа бұлшық еттерінің функциясын қалпына келтіреміз.

Марина Казацкихтің мойын омыртқасы қисайған. Уақыт өткен сайын ауруы дендеп, нәзік жандының кеудесі мен белінің сыздауына әкелген. Қыс мезгілінде Марина ресейлік дәрігерлердің көмегіне жүгініп, қажетті ем-домды қабылдаған. Қазір жерлесіміз өзін жақсы сезінеді.

Марина Казацких:


– Менің бір иығым екіншісінен жоғары болатын. Қисайған омыртқамды маман түзеп берді. Содан бері ұйқысыздық, мазасыздық жойылды. Көңіл-күйім және зейінім жақсарды. Бұрынғыдай оқудан кейін шаршамайтын болдым. Күні бойы күш-қуатым сарқылмайды.

Жыл басынан санктпетерборлық ақ халаттылар Петропавлға 4 рет келген. Олар көшпелі қабылдауды одан әрі жалғастырмақ. Бұл жолы дәрігерлердің кеңесін маусымның 28 мен шілденің 2-сі аралығында “Панацея” медициналық орталығында алуға болады. Орталық
М.Жұмабаев көшесідегі 109-шы ғимараттың 7-қабатында орналасқан. Қосымша ақпаратты білу үшін 63-21-72 телефоны бойынша хабарласуға болады.

Берік Қасен