Konstitutsia banner mobile

Қоғам

Барша мұсылман жамағаты қасиетті қадыр түнін қарсы алады

Мұхаммед Пайғамбар өз хадистерінің бірінде бұл түнде оқылған бір дұға алдағы мың айға немесе 83 жылға сауап болады деп жазған. Қасиетті түнді алланың ақ үйінде қарсы аламын дейтін жерлес мұсылмандарға бүгін “Қызылжар” орталық мешітінің есігі айқара ашық. Мұнда ислам дініне бет бұрғандар үшін бірқатар діни-ағарту шаралары өткізілмек.

Мақсат Жұмажанов – Қызылжар орталық мешітінің наиб имамы:


– Аллаһ тағала бұл түнді абыройлы, берекелі, сығылысу түні деп атаған. Бүгін кешке мұсылмандар соңғы тарауық намазын оқиды, кейін дұға етеді, Мешітте 500 адамға ауызашар беріледі, тағы қадір түнінің маңызын тсүіндіруге бағытталған түрлі буклеттер мен ақпараттық парақшаларды таратамыз.


 

Саят Ермек