МТРА жаңалықтары

Өңірге келген депутаттар зауыттарды аралады

Мынау «Масло-Дел» серіктестігінің жыл басында ашқан жаңа цехі. Мұнда ұзақ уақытқа сақтауға болатын сүттер қапталады. Шығарылған ақ 6 айға дейін бұзылмайды екен.

Евгений Шелег – «Масло-Дел» ЖШС технологы:


– Жаңа цехтің іске қосылуының арқасында өндірілетін өнім көлемі артты. Швециядан әкелген мына қондырғы тәулігіне 500 тонна ақты өңдеуге қауқарлы. Ал, біздер, әзірге, соның 200-ін ғана өңдейміз. Шикізатты өңіріміздің барлық елді мекендерінен және Қостанай облысынан аламыз.

Жалпы кәсіпорын тәулігіне 150 тонна жиналған ақты өңдеп, одан 40 өнім түрін жасап шығарады. Мұнда келген депутаттар жаңа цехтің жұмысымен танысты. Өз сөз кезегінде серіктестік басшылығы кадр мәселесінің өткір екендігін айтып қалды.

Тамара Михайлова – «Масло-Дел» ЖШС директоры:


– Бізге заманауи қондырғыда жұмыс істей білетін мамандар қажет. Алайда, бағдарламалау бойынша оқып келген жастарды қайтадан өзімізде дайындауға тура келеді. Мына цех ашылғанда 120 адам жұмыспен қамтылды. Солардың барлығын өзіміз оқыттық.

Сенаторлар аялдаған келесі нысан – Петропавл трактор зауыты. 2 жыл бұрын іске қосылған өндіріс орны осы аралықта 20 трактор мен 28 егу кешенін жасап шығарған.

Сергей Шинкаренко – «СП Петропавл трактор зауыты» ЖШС бас директоры:


– Биыл егістік кешендерінің 18-ін сатып үлгердік. Тракторлардың да соншасы саудаланды. Техниканың бағасы шетелдік баламаларына қарағанда әлдейқайда арзан. Биылғы қауырт маусымды көліктер жақсы өткерді. Оны диқандар айтып жатыр.

Бұдан кейін сенаторлар «Римказагро» серіктестігіне барды. Халық қалаулыларына жылдам дайындалатын «Паста Мама» маркалі кеспелердің қалай әзірленетіндігі көрсетілді. Астың дайындалуымен түбегейлі танысқан депутаттар кәсіпорынның жұмысына оң бағаларын берді. Бүгіндері мұндағылар кеспенің күніне 5 тоннасын жасап шығарады екен. Өнімді Қазақстаның барлық өңірлерінен бөлек, Ресей және Өзбекстанға тасымалдайы.
Кейін меймандар «Радуга» серіктестігінің еншілес кәсіпорны – металл-пластик бұйымдарын жасайтын зауытқа соқты. Мұнда күнделікті тұрмысқа қажетті 300-ден астам өнім түрі шығарылады. Ол – шара, ілгешек, пакет, шелек сынды заттар.

Евгений Ли – «Металл-пластик бұйымдар зауыты» ЖШС директоры:


– Шикізатты біздер өзіміз әзірлейміз. Айына 130 тонна түйіршік жасап шығарамыз. Алдағы уақытта жаңа желілерді іске қосып өнімділікті 260 тоннаға дейін арттырмақпыз. Сондай-ақ, полигонға тасталған бөтелке, пакет сынды заттарды да өңдеп, шикізат ретінде пайдаланымз. Егер мемлекет қолдау көрсетсе, өнімділікті одан әрі арттыруға болады. Тек берілетін субсидияның уақыты ұзартылып, үстемеақысы төмендетілсе деген ұсыныс бар.

Кәсіпорында әзірленген тауар Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей елдеріне экспортталады.
Өңірге жұмыс сапарымен келген депутаттар жалпы облыста атқарылып жатқан істерге оң бағасын берді.

Мұратбай Жолдасбаев – ҚР Парламенті Сенатының депутаты:


– Мал, өсімдік басқа майлы дақылдар шығаралады. Бұл жақтың табиғаты жақсы. Соны қайта өңдеп не алу кректігін айтып, пайда табу жайын қарастыру керек. Елдің ынтасы жақсы.

Депутаттар солтүстікқазақстандық кәсіпкерлердің сауалдары мен ұсыныстары жерде қалмайтынын жеткізді.

Мағжан Ахмадина