Құқық қорғау органдары

Полицейлер “Қаңғыбас” жедел алдын алу шарасын өткізуде

Жертөлелер, кәріздік люктар, тағы қараусыз қалған ғимараттар мен олардың шатырлары. Тәртіп сақшылары бұл орындарды жіті тінтіп, тексеруде. Өйткені, әдетте, мұндай жерлерді үй-жайы жоқ қаңғыбастар көптеп мекендейді.

Андрей Бондаренко – СҚО ІІД криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі:

– Ұстап алған қаңғыбастарды бірден есепке қоямыз, кейін олардың қылмысқа қатысы бар-жоқтығын тексереміз. Осылайша, бөлімшелерге жеткізілгендердің 3-уі іздеу салынған қылмыскер, ал 4-уі із-түссіз жоғалған болып шықты. Тағы 4 қаңғыбасты түнеу пунктіне жөнелттік.

Жалпы, рейд маусымның 5-і мен 7-сі аралығында жүргізіледі. Оның алғашқы күнінде-ақ қала бойынша тұрғылықты мекен-жайы жоқ 133 жан департамент бөлімшелеріне жеткізілген.

– Сколько тебе лет?

– 75 года.

– Как зовут?

– Степан Николаев.

– Степан, как живется?

– Живу, бомжуем, квартиры нет, на трубах спим.


Алдын-алу шарасының заңбұзушыларды табуда берері мол-ақ. Мәселен, Уәлиханов ауданының полицейлері осындай рейд барысында 26 жастағы қаңғыбасты ұстаған. Бұл Ресей азаматын көлік ұрлағаны үшін Омбы қаласының тәртіп сақшылары іздеп жүрсе керек. Қазір баукеспе уақытша қамау изоляторына тоғытылған. Ол көп ұзамай отанына қайтарылып, көрші елдің полицейлеріне табысталмақ.


 

Молдир Макишева