Спорт

Көркем гимнстикадан қалалық турнир бастау алды

Ең алдымын ортаға 4 пен 6 жас аралығындағы жеткіншектер шығып, өнерлерін ортаға салды.

Дәл қазір кішкентай бүлдіршіндер көркем гимнастиканың оңай жаттығуларын орындауда. Солардың бірі – 6 жастағы Адель Амир. Ол осы спорт түрімен былтырдан бері шұғылданып жүр.

Адель Амир – жарысқа қатысушы:


– Маған гимнастика ұнайды. Соның ішінде, мостик жасаған. Мен жеңіске жетемін.

Иілгіштік, нәзіктік, кербездік, жүріс-тұрыстың ырғақтылығы және әртістік қабілет. Міне, осы критерийлерге кез-келген көркем гимнастшы сай болуы керек – дейді спортшыларды бағалайтын қазылар.

Анастасия Норкина – жарыстың бас төрешісі:


– Бүгінгі жарыста облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жүлделі орындарға қол жеткізген спортшыларымыз да бақтарын сынап жатыр. Сондықтан, талап жоғары. Айту кетсек, қазіргі таңда шаһарымызда көркем гимнастикамен 500-ге жуық қыз бала айналысады.

Жалпы, 2 күнге жалғасатын дүбірлі додада 200-ден астам гимнаст қыз бақ таластырады. Жарыс қорытындысы бойынша жеңіске жеткендеріне грамота, медаль және сыйлықтар табысталмақ.


 

Тогжан Акмагамбетова