Құқық қорғау органдары

Бомба жайлы жалған ақпарат берген күдікті құрықталды

Азаматқа терроризм актісі туралы жалған хабар берді деген айып тағылып отыр. Оның қандай мақсатты көздегені әзірге белгісіз. Еске салайық, келеңсіз жағдай мамырдың 31-інде орын алды. Сол күні күдікті “City Mall” сауда үйіне жарылғыш зат қойылғандығын хабарлаған болатын. Осылайша, тәртіп сақшылары және жедел әрекет ету тобы 300 шақты адамды қауіпсіз жерге шығарып, нысанның ішін толық тексеріп шықты.

Нұрбек Баекин – СҚО ІІД баспасөз қызметінің жетекші маманы:


–  Жедел іздестіру шараларының барысында 32 жастағы Петропавлдың тұрғыны ұсталды. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 273 бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері жүргізілуде. Кінәсі дәлелденсе, 6 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Қазіргі уақытта полицейлерге осындай қылмыс түрлерін озық техниканың көмегімен оңай ашады.

Берік Қасен