Құқық қорғау органдары

Аудандық ішкі істер бөлімдерінің жұмысы тексерілуде

Осы аптада өңірдің бас полицейі Берік Біләлов Уәлиханов аудандық ІІБ-нің жұмысымен танысып, тәртіп сақшыларына жасалған жағдайды және олардың қажетті техникалармен қамтылуын байқады. Бұл күні Берік Біләлов Кішкенекөл ауылының тұрғындарын да қабылдады. Азаматтар жергілікті полицейлердің жұмысына оң бағаларын беріп отыр.

– Раскрыли дело о мошенничестве, интернет-мошенничестве. Я заказала детям одежду. Получилось так, что меня обманули: взяли деньги и пропали. Я обратилась к ребятам, в РОВД, написала заявление и они раскрыли это дело, хотя надежд не было.


Бұл күні Берік Біләлов Ақжар ауданына да барып, ІІБ-нің материалдық-техникалық базасын көріп, жеке құраммен кездесті. Бас полицейдің қабылдауына Талшық ауылының азаматтары да келді. Сондай-ақ, өңірдің бас полицейі әскер қатарына шақырылушылардың арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Мерзімді әскери қызметтен соң жігіттер ішкі істер органдарына жұмысқа тұра алады.

Берік Қасен