Құқық қорғау органдары

Құқыққорғаушылар мемлекеттік рәміздерді ұлықтады

Облыстық Ішкі Істер Депратаменті ғимаратының алдында 200-ге жуық құқыққорғаушы сап түзеп, егемендігіміздің кепілі саналатын символдарға құрмет көрсетті. Полицейлерге әр нышанның тарихы, авторлары мен мән-мағынасы егжей-тегжейлі түсіндірілді, кейін оркестрдің сүйемелдеуімен ортаға Ту мен Елтаңба шығарылды. Бұдан соң тәртіп сақшылары бір адамдай мемлекеттік әнұранды орындады. Айта кетейік, тәуелсіз Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандары 1992 жылдың 4-ші маусымында ресми түрде қабылданған болатын. Содан бері бұл күн мемлекеттік мейрам ретінде атап өтіледі.

Сағындық Темиреев – СҚО ІІД кадр жұмысы бойынша басқарма бастығының орынбасары:

–  Туымыз тұғырлы, елтаңбамыз еңселі, әнұранымыз айбарлы болсын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын.

 

Саят Ермек