Балалар

ҚР мемлекеттік рәміздер күніне орай флэшмоб өткізілді

Бүгін аталған мейрамға орай шаһарымыздағы Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде флэшмоб ұйымдастырылды. 300-ден астам оқушы отанына деген махаббатын білдіру үшін ашық аспан астында жүрек кейпінде сап құрды. Сондай-ақ, ұл-қыздар мерекеге орай ән мен биден шашу шашты. Мектеп тәрбиеленушілері бұл шараға 2 аптадай дайындалған екен.

Дана Жақсылықова – химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің студенті:

– Мұндай шаралар біздің мектебімізде жыл сайын өткізіледі. Оның барлығы біздің елімізге деген махабатымызды көрсету үшін жасалады. Осындай шаралар патриоттық сезімдерімізді оятады деген ойдамын.

 

Тогжан Акмагамбетова