Денсаулық сақтау

Минингококк жұқпасынан 12 адам қаза болды

Ал теріскейде болса жағдай қалыпты, сондықтан дүрбелеңге салынуға негіз жоқ дейді өңірдің бас дәрігері – Тимур Сұлтанғазиев. Оның айтуынша, облыста менингит жұқтырғандар тіркелмеген. Десе де, жөтел қысып, бас ауырса, дене қысымы көтеріліп, жүрек айнып, құсса, тағы денеде қызыл дақтар пайда болса онда емдеу мекемесіне жүгіну керек. Өйткені, бұл менингококк жұқпасының алғашқы белгілері болып саналады. Айта кету керек, аталған дерттен екпе жасау жоспарлы вакцинациялау тізіміне енбейді. Сондықтан оны мамандар тек қажылық сапарға аттанатын жандарға ғана қояды. Өйткені бұл екпесіз Араб елдеріне кіруге рұқсат жоқ.

Тимур Сұлтанғазиев – СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

 

– Қажетсіз жағдайда, адамдар көп шоғарланған жерлерге бармау керек. Барған кезде маска кию керек. Жөтелген, түшкірген кезде кию керек. Тағы алдын -лу шарасы ретінде үйді не кеңсені желдетіп алу керек. Және ылғалды шүбірекпен жуып отырған жөн. Қолды жуып отыру керек.

Мағжан Ахмадина