Бизнес және экономика

“ForteBank” акция жариялады

Саят Ермек – тілші:

– Несие ал, да бағыңды сынап көр! Енді “ForteBank”-тің клиенті болу тиімді. 4-ші сәуір мен 3-ші қыркүйек аралығында дәл осы банктен несие рәсімдеп, қарызға ақша алған азамат ұтыс ойындарына қатысады. Ал жеңімпазға берілетін жеңілдік қомақты.

Бағы жанған клиентке банк несиенің жылдық пайыздық үстемесін займ сомасы мен шарттарына қарамастан 0,1 пайызға дейін төмендетіп береді.

Дәурен Жұмабаев – “Forte Bank” АҚ Петропавл қаласындағы филиалының аға менеджері:

– Бұл акцияға ForteBank клиенттерінен бөлек, өзінің басқа банктегі кепілсіз несиелерін бізге аударған басқа азаматтар қатыса алады. Ұтыс аяғында Қазақстан бойынша 53 жеңімпаз анықталмақ. Олардың несиелерінің пайыздық үстемесі автоматты түрде 0,1 пайызға дейін төмендетіледі.

Сәуірдің 4-нен маусымның 3-іне дейін апта сайын ел бойынша 5 үміткер анықталып отырды. Енді әр жеті күнде айы оңынан туған 1 азамат жеңілдікке ие болмақ. Мамырдың 28-інде сандар генераторы акцияға күллі Қазақстан бойынша қатысқан клиенттердің арасынан жерлесіміз Ғалымжан Уптияровтың шотын таңдаған. Кардиологиялық орталықтың дәрігері 13-ші сәуірде банктен бес жылға 1,7 млн теңгенің несиесін алған. Үстемесі 17,5 пайызды құрапты. Сәттілік серік болып, енді бұл азамат алған сомасының үстінен тек бірнеше мың теңге төлейді.

Ғалымжан Уптияров – ұтыс жеңімпазы, Петропавл қаласы:

– Шарт бойынша 55 мың төлеуім керек еді. Енді 29 мың төлейтін болдым. Ұтқанымды білгенде қатты қуандым. Банкке рахмет.

ForteBank ұсынған акцияға оның кез-келген клиенті қатыса алады. Басты шарт – белгіленген уақыт ішінде кепілсіз несие алу. Айта кетейік, ұтыс алған займын уақытылы қайтармайтын азаматтар арасында жүргізілмейді.

Саят Ермек