Спорт

https://www.youtube.com/embed/p4_ObQkV1d4


Ойын басталғаннан-ақ, қызылжарлықтар шапшаң қимылдап, «Тобылдың» қақпасын торуылдаумен болды. Нәтиже көп күттірмеді. Алғашқы таймның соңғы минуттарында шабуылшымыз Братислав ПунОшевац қостанайлықтардың қақпасына гол соқты. Сөйтіп, үзіліске қос команда 0:1 есебімен тарқасты. Екінші таймда «Қызыл-Жар СҚ» құрамасы қорғанысын күшейтіп, теңбіл допты қақпаға өткізіп алмауға тырысты. Бұл солтүстүстікқазақстандық футболшылардың қолынан келді. Өйткені, «Тобыл» құрамасының ойыншылары қызылжарлықтардың қақпасына доп дарыта алмады. Бұл «Қызыл-Жар СК» құрамасының жоғарғы лигадағы 3-ші жеңісі. Осыдан кейін солтүстікқазақстандық команда турнир кестесінде бір сатыға көтеріліп, 11-ші орынға тұрақтады. Қызылжарлық аяқдоп шеберлерінің келесі матчы 18-ші маусымда өтетін болады. Олар өз алаңында қарағандылық «Шахтерді» қабылдамақ.

Магжан Ахмадина