Ауа райы

Дүлей дауылдың зардабы

Табиғи құбылыстың кесірінен Жамбыл ауданының орталығындағы Преснов мектеп-интернатының шатарына нұқсан келген. Тайынша ауданына қарасты Келлеровка селосында қаңырап бос тұрған нысанның төбесі де қатты желге шыдас бермеді.

Тағы, 5 автокөлікке ағаш құлаған. Оқыс оқиғаның бірі Пресновкада, ал қалғаны облыс орталығында тіркелді. Абырой болғанда қаза болған және жарақат алған тұрғындар жоқ.
Синоптиктер маусымның 2-сі күні де өңірде солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғып, оның екпіні секундына 15-20, ал кей жерлерде 23-28 метрге дейін жететі деп болжауда. Жауын жауып, найзағай жарқылдайды. Тұман мен бұршақ түсуі ықтимал. Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерелері сақтық шараларын күшейтуді ескертеді.


Байболат  Култанов