Ауа райы

Көктемнің соңғы күні қуанта қоймайды

Синоптиктердің болжауынша, мамырдың 31-інде күн бұлтты болып, батыс және оңтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні секундына 15-20 ал кей жерлерде 30 метрге жетпек. Тағы күн күркіреп, бұршақ жауады. Ал таңертең және түнде тұман түсуі ықтимал. Сондықтан төтенше жағдайлар департаментінің мамандары сақтықта қорлық жоқ екендігін ұмытпауды ескертеді.

 

Магжан Ахмадина