Қылмыс

Героин сатпақ болған әйел құрықталды

Бұл – 62 жастағы қала тұрғынының үйі. Зейнеткер осы жерде 200 грамм героинды сатпақ болыпты. Алайда, оның арам ойы іске аспай, полицейлердің құрығына түсті. Анықталғандай азаматша бұрындары осы сияқты қылмыс жасағаны үшін істі болған.

Галина Жолымбетова – СҚО ІІД есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының инспекторы:


–  Сот сараптамалық экспертизаның қорытындысына сәйкес аталмыш заттың героин екендігі анықталды. Оның жалпы салмағы 200 граммды құрайды. Факті бойынша ҚР ҚК 297 бабы 3 бөлімі «Аса ірі көлемдегі героин сату әрекетіне» қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып кетті. Қазіргі таңда бұлтартпау шаралары қолданылып жатыр.


Жалпы, жыл басынан бері өңірде есірткі қылмысы 132 мәрте анықталыпты. Нәтижесінде заңсыз айналымнан 57 келі зиянды зат тәркіленген. Оның 434 грамынан астамын героин құрайды. Заңның ала жібін аттап, қылмысқа жол бергені үшін 91 адам жауапкершілікке тартылды.

Байболат Култанов