МТРА жаңалықтары

Азаматтық күйеуін өлтірген әйел сотталды

Келіспеушілікті бейбіт түрде шешудің орнына қатыгез нәзікжанды азаматтан біржолата құтылуды жөн көрген. Нәтижесінде келіншек ер адамды жерге құлатып, басы мен бетіне пышақ сұғыпты. Кейін суық қаруды жапа шегушінің денесіне де бірнеше мәрте тыққан екен. Алған жарақаттарынан ер азамат сол жерде-ақ жан тапсырды. Ал, Елена Бунина болса, оның мәйітін балконға шығарып, ақпанның 18-іне дейін бөлшектепті. Жолдасының қол-аяқтарын үй маңындағы қоқысқа тастаған қылмыскерді тәртіп сақшылары келесі күні-ақ құрықтады. Күдіктінің баспанасынан қаза тапқан адамның денесі мен басы табылған. Бүгін жаға ұстатарлық оқиғаның нүктесі қойылды.

Дастан Исмаилов – қылмыстық іс бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы:


–  Сот үкімі бойынша 56 жастағы Елена Бунина ҚР ҚК 99 бабының 1-ші тармағы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылады. Азаматша жазасын орташа деңгейдегі түзету мекемесінде өтейтін болады.

Эльмира Садвокасова