Аптадағы маңызды жаңалықтар

Самал Еслямова елге оралды

Залға кіргеннен-ақ, дарынды қазақ қызын барлығы зор қошеметпен қарсы алды. Әйпегенде ше, қарапайым ауылдан шыққан Самал, еліміздің атын әлемге танытты. Мұндай жүлдені бұрын соңды ТМД елдерінің өнер майталмандары алып көрмеген деді актрисаны құттықтаған облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Әлемдегі ең танымал кинофестивалге қатысып, топ жару – зор қуаныш. Оған Қазақзсатндық қана емес, ТМД елдерінің актерлері қол жеткізген жоқ. Самал қазақтың атын, мәртебесін, рухын көтерді. Әрине Самалдың жеңісі үлкен қуаныш. Үлкен үлгі және үлкен үміт. Қарапайым ғана ауылдан шығып осындай жетістіке жету Самалдың еңбекқаорлығы, қарапайымдылығының арқасында деп айтуға болатын шығар.

Шыныменде, Самал жастайынан еңбекқор болған. Бастаған істі аяғына дейін тындырмай қоймайтын деп еске алады залға жиылған оның жақындары, әріптестері мен ұстаздары.

Зухра Сапарова – Самал Еслямованың алғашқы ұстазы, Аралағаш орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі:

– Самал оқушы кезінде өте сондай ақылды, тәртіпті, жуас бала болатын. Алған ісін тек жауапкершілікпен атқаратын. Әсіресе, мәнерлеп оқудан өте жақсы болды. Сол қадамдары алға басып, елімізді, Аралағаш елін, мектебінің ұжымын бір көкке көтерді. Әрқашан биік шыңдардан көріне бер.

Баласы атқа қонса, анасы үйде отырып, тақымын қысады демекші, шалғайда жүрген баласының ата-анасы ылғи тілеуін тілеп, жетістікке жетуін қалаған. Самал да жерге қаратпады.

Ілияс пен Гүлмайра Еслямовалар- Самалдың ата-анасы:

– Қай ата-ана болсын, үміт күтіп, үлкен азамат болады деп үміттенеді ғой. Сол үмітімізді ақтаған сияқты. Басында журналист боламын деген. Кейін тағдыр жолы актерлікке әкелді. Біз қуаныштымыз. Қуанышымыз қойынымызға сыймай, көкке көтеріліп жатыр басымыз.

Самал Еслямова режиссері Сергей Дворцевоймен 2004 жылдан бері жұмыс істеп келді. Алдымен ол «Тюльпан» фильміне түсіп, кейін осы «Айкада» басты рөлді сомдайды. 2008 жылы Канн кинофестивалінде жерлесіміз түскен картина сыйлыққа ие болса, екіншісінде Самалдың өз еңбегі жоғары бағаланып отыр.

Самал Еслямова – 71-ші халықаралық Канн кинофестивалінің үздік актрисасы:

 


–  Әрине өте қуаныштымын. Себебі елдің аты ел. Қалайда болса. Қошеметтеріңізге рахмет. Жылы ықылас білдіріп жатырсыздар. Өте қуаныштымын.

Алтын пальма бұтағын алған жерлесімізге жиында облыс әкімі Құмар Ақсақалов Құрмет грамсотасы мен 3 бөлмелі пәтердің кілтін табыс етті.

Жиын соңында барлығы естелік суретке түсті.

Мағжан Ахмадина