Білім

“ЛОРД” мектеп-лицейі оқу үздіктерін марапаттады

Лорд дарынды балалар үшін мамандырылған мектеп-лицейінің алдында қызу қарбалас. Ағылған жұртты сән-салтанаты келіскен білім ұясының алдынан директор мен ұстаздар қарсы алуда.
Білім ошағының мақтанышына айналған оқушылардың бірі – Ангелина Кардашова. 9-сыныпты тәмамдайтын ол биыл «биология» пәнінен Мәскеу мемлекеттік университетінде өткен халықаралық олимпиадаға қатысып, жеңімпаз атанды.

Ангелина Кардашова – Лорд дарынды балалар үшін мамандырылған мектеп-лицейінің 9-сынып оқушысы:

– Менің биология пәніне деген қызушылығым 8 сыныптан бастау алды. Осылайша, ақпан айында “Ломоносов” оқушылар олимпиадасына қатыстым. Сынақ екі кезеңнен тұрды. Іріктеуден электронды түрде өттім. Оған 1 мыңдай оқушы қатысып, тек 300-і 2 кезеңге жолдама алды.

Бұл мектеп жыл сайын «Алтын белгі», «Үздік атестатқа» лайықты шәкірттер мен түрлі байқау-олимпиада жеңімпаздарын қанат қақтырады. Биылғы оқу жылында білім ордасының қоржынында 31 олипиадалық жүлде бар. Солардың 25-і облыстық, 2-уі халықаралық дәрежедегі жеңістер.

Наталья Маторина – Ғылым және инновациялар жөніндегі директорының орынбасары:

– Республикалық деңгейдегі марапаттардың ішінде орыс тілі және әдебитеттен қос үшінші орын, тағы физика және астрономиядан алған күміс жүлде бар. Сондай-ақ, біздің оқушылар ғылыми жобалар байқауына белсене қатысады.

Іс- шарада оқуы үздік мектеп оқушылары, сонымен қатар, қоғамдық өмірге белсене қатысқан жас өрендер алғыс хаттармен марапатталды.

Алдағы оқу жылына Лорд мектебінің басшылығы аудан оқушыларының арасынан 60 өренді қабылдауды жоспарлап отыр.