Құқық қорғау органдары

Балалардың жолдағы қауіпсіздігіне арналған акция жүріп жатыр

“Жас көмекшілер” сайысына 70-ке жуық мектеп оқушысы қатысты. Жалпы саны 7 құрама. Қатысушылар 7 кезеңнен тұратын жарыста өзара күштерін байқап, жеңімпаздарды анықтады. Шараны ювеналды полиция инспекторлары мен ұстаздар бірлесіп ұйымдастырған.


Мақпал Алпысова – Петропавл қалалық ІІБ кадр бөлімінің аға инспекторы:

– Барлық мектеп командалары өте жақсы дайындалған. Қарсыластары мықты деп ойлаймын. Сәт-саппар тілеймін. Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдерді салауатты өмір салтын ұстануға баулу.

Ал 23 орта мектепте “Қауіпсіз дөңгелек” атты жас инспекторлардың сайысы қорытындыланды. Дәстүрлі түрде өтетін шараға 200-ге жуық оқушы қатысты.

Иван Титов – № 13 орта мектебінің оқушысы:

– Ең қиыны саппен жүріп өту болды. Соған қарамастан, барлық тапсырмаларды ойдағыдай орындап шықтық.

Жарыстың қорытындысы бойынша үшінші орынды бірінші гимназия құрамасы жеңіп алды. Екінші орынға 23 орта мектептің жас инспекторы тұрақтады. Ал жарыстың бас жүлдесін 8 орта мектебінің оқушылары иеленді. Жалпы бұл сайыстар “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” шарасы аясында өткізілуде. Аталмыш акция мамырдың 31-не дейін жалғаспақ.

Молдир Макишева