Құқық қорғау органдары

Саяжай учаскелері – тәртіп сақшыларының бақылауында

Патрульдік полиция батальонындағы салт аттылар взводының құрамында 17 қызметкер бар. Олардың иелігіне 15 жылқы берілген. Сондықтан, баршасы жылқының бабын білетін мамандар. Жаз мезгілі келісімен кавалеристер саяжайларда кезекшілік атқарады.

Жаксылык Кожелдаков – Петропавл қалалық ІІБ жол-патрульдік полиция батальонының:

– Біз 8 саяжайлық қауымдастықты күзетеміз. Жалпы саяжай маусымы мамырдың 14-нен басталды. Белгіленген бағыттар бойынша жұмысқа шықтық. Ұрылар көбіне аталмыш орындарды қорып, пісіп-жетілген көкеністер мен ждемістерді қолды қылады.

Взвод қызметкерлері 14 бағыт бойынша кезекшілік атқарады. Қылмыстық жағдайлар тіркелсе, бағыттар өзгеруі мүмкін. Кавалеристер негізінен бос үйлерді пана қылып, саяжай тонайтын үй-күйсіз адамдардың жолын кеседі. Бұл шаруа күздің ызғарлы суығы түскенше жалғасады.

– С двух часов дня до восьми. Каждый день, без выходных. Если, кого-то подозрительного увидите – на «102» позвоните.

Өткен жылы кавалеристер 7 қылмыстың бетін ашып, тағы түрлі әкімшілік құқықбұзушылықтар жасаған 45 адамды жауапқа тартты.

Саят Ермек