Спорт

Теріскейлік футбол құрамасы жеңіліске ұшырады

Павлодарлықтар бірінші минуттардан-ақ өз алаңында басымдық көрсетіп, бірнеше рет қауіпті сәттер туғызды. Ойынның 15-ші минутында Павел Шабалин теріскейлік команданың қақпасына гол соқты. Мұнымен тоқтамай, араға 11 минут салып, “Ертіс” құрамасы тағы есеп ашты. Екінші таймда да алаң иелері қарқынды шабуыл жасап, есепті ұлғайтты. Нәтижесінде “Қызыл-Жар СК” құрамасы павлодарлықтардан 5:0-мен ұтылды. Қазір теріскейлік команда турнирлік кестенің 11-ші орнына түсіп қалды. Енді жерлес құрама маусымның 27-сінде өз алаңында шымкенттік “Ордабасы” командасымен кездеседі.

Молдир Макишева