Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірде «CLAAS» комбайндары құрастырылатын болады

Форум қатысушылары мемлекеттік сектордың экономикадағы үлесін азайту амалдарын, технологиялар дамыған заманда жұмыссыздыққа жол бермеу әдістерін іздеп, қоршаған ортаны қорғау, үшінші дүниежүзілік соғыс қатерін болдырмау, әлем халқының саны 10 млрд-қа жеткенде, адамзатты тамақтандыру амалдарын қарастырды. Кездесулер барысында іскерлік құжаттарға да қол қойылды. Ауқымды шараға өңір делегациясы да қатысып жатыр. Форумда Құмар Ақсақалов немістің «CLAAS» концернінің Шығыс Еуропадағы өңірлік директорымен келісімшарт жасасты. Оған сай, алдағы уақытта теріскейде атақты кәсіпорынның комбайндары, тракторлары және тұқымсепкіштері құрастырылмақ.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:

 


–  Халықаралық «CLAAS» компаниясы Қазақстан нарығында 20 жылдан астам уақыт жұмыс істеп келеді. Осы аралықта кәсіпорын өнімдері бірегей сапасымен таныла алды. Бізге ауыл шаруашылығы саласын нығайту үшін, алдыңғы қатарлы техника қажет. Осыған орай келекшекте аталған талапқа сай келетін трактор, комбайн мен тұқым себу кешендерін Петропавлда шығаратын боламыз. Бұл тек теріскейге ғана емес, сонымен қатар барша Қазақстан үшін маңызы орасан жоба болмақ.

Эльмира Садвокасова