Спорт

Жерлес велошабандозшылар жеңіспен оралды

Осылайша, дүбірлі додада спортшыларымыз жалпыкомандалық есепте 1-ші орынға тұрақтаған. 2 кезеңнен тұрған сайысқа Ресей мен Қазақстаннан 70-ке жуық шабандозшы қатысты. Олардың дені – 2002-2003 жылғы спортшылар. Сондай-ақ, жүлделі орындармен қатар, 2 спортшымыз “Белсенді шабандоз” және “Жас шабандоз” аталымдарын иеленді. Жалпы өңір намысын 10 шабандоз қорғаған.

Сергей Ишимов – велоспорттан мамандандырылған ОРБЖСМ бапкері:

– Бұл сайыста 9 команда бағын сынады. Спортшыларымыз 1-ші кезеңде 15 шақырым жерді бағындырды. Өткен жылы да осы жарыстарға қатысып, жалпыкомандалық есепте 3-ші орынға ие болдық. Ал биыл, нәтижемізді жақсартып, барлық қатысушылардан озып шықтық. Қазір маусымның 14-і өтетін Республикалық жарысқа дайындық баслды.

Молдир Макишева