МТРА жаңалықтары

Елбасы мақаласы талқылануда

Шараны өткізу үшін Бас прокуратура жанындағы құқық қорғау органдары академиясының мемлекеттік тілді дамыту бойынша «Қазақ тілі баршаға» пікірталас клубының өкілдері арнайы келген. 3 күнге жалғасатын шара барысында мемлекеттік қызметшілер үшін оқыту семинарлары өтеді. Ал жұмыс сапарының алғашқы күні мамандар құқық қорғау органдарымен бірлесіп пікірталас ұйымдастырып, мемлекет басшысының бағдарламасын егжей-тегжейлі қарастырды.

Айгүл Садуақасова – ҚР Президенті жанындағы МБА Орталық Азия өңіріндегі этносаралық және конфессияаралық қатынастарды зерттеу орталығының жетекшісі, ҚХА ғылыми-сарапшылық кеңесінің төраЙЫМЫ, ә.ғ.д.:

– Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасында ұлттық кодымыз, Ұлттық сана-сезімімізді айтады. Бірақ біз қазіргі әлемдік жаңалықтардан да құр қалмауымыз керек. Жаңа технологияларға қол жеткізу үшін 3 тілде сөйлей алу керек, жаңа білімдерді меңгеру керек. Сонымен қатар өз тарихымызды да зерттеп-зерделеу керек.

Магжан Ахмадина