Қоғам

Бірлескен іс-қимыл жөнінде мәміле жасалды

Ғалым Тұрсынбаев бас болып отырған мекеме мен Ерлан Айтжанов төрағалық ететін өңрлік сот енді мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзуы мен жемқорлық фактілерінің, сондай-ақ биліктегі басқа да заңбұзушылықтардың алдын-алу мақсатында қоян-қолтық жұмыс жасайтын болады. Ведомства өкілдерінің бірлескен жиынында Ерлан Айтжанов бұл ынтымақтастықтың мемлекеттік қызмет саласын бармақ басты көз қыстылықтан арылтып, сапасын арттыруға сеп болатынын ерекше атап өтті. Ал Ғалым Тұрсынбаевтың сөзінше, өткен 2017 жылы әдеп жөніндегі кеңесте 110 іс қаралып, 36 мемлекеттік қызметші жасаған олқылығы үшін жауапкершілікке тартылған. Олардың 2-уі жұмыстан қуылыпты. Екі жақ жасасқан мәміле мұндай бассыздықтардың алдын-алуға мүмкіндік береді деді ол.

Ғалым Тұрсынбаев – СҚО мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жеқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жетекшісі

Біріншіден, егер сот отырысында қылмыс фактісі болмай, тек тәртіп бұзушылық дәлелденсе, онда сот бұл істі біздің агенттікке жөнелтеді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге қатысты істерді сот агенттікке жіберіп отырады. бұл материалды біз қызметшілерге сабақ беру үрдісінде қолданамыз.

 

Саят Ермек