Құқық қорғау органдары

Аудандарда бейнебақылау камераларының саны артуда

Бүгінде өңір аумағындағы 30 ауылдық округ пен 13 аудан орталығы – учаскелік полиция пунктеріне қосылған бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Тың технология тәртіп сақшыларына қылмыстарды аз уақыттың ішінде ашып қана қоймай, заңбұзушылықтарды болдырмауға да септесуде. Әзірге Кривощеково ауылында бейнебақылау жүйесі орнатылмаған. Бірақ, жыл басынан бұл округте 5 қылмыс орын алса, соның барлығы дерлік ізі суымай ашылған.

Саят Әбішев – Шал ақын аудандық ІІБ учаскелік полиция инспекторы:

– Аталған бағытта жүргізілген профилактикалық жұмыстың оңды сәті ШҚ, ЖШС және ЖК тиесілі бөтеннің мүлкін ұрлау фактілерін болдырмау болып табылады. Берілген ұсыныстарға сәйкес 5 объектіде бейнебақылау камералары орнатылды.

Култанов Байболат