Спорт

Жерлес каратешілер респбликалық турнирде үздік атанды

Турнир шеңберінде спортшылар ката, кобудо және кумите бағдарламасы бойынша күш сынасты. Спортшылардың ең жасы 4-те. Балғын жастарына қарамастан, каратэшілер жақсы нәтижелерге қол жеткізуде.

Қуаныш Салтаев – жарыс жүлдегері:

– Мен каратэмен 5 жылдай айналысамын. Мен 3 бірінші орын алдым. Онда қиын қарсыластар болды.

Қазақстанның 8 қаласы мен Новосібір, Петропавл клубтары және облыс аудандарының спортшылары бірнеше күн бойы өз шеберліктерін ортаға салды. Нәтижесінде карате-додан Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы жалпыкомандалық 1 орынды иеленді. Сонымен қатар, №17 орта мектеп базасында қатысушылар үшін республикалық оқу-әдістемелік семинар өткізілді.

Евгений Максимов – “Мейбукан Годзю-рю каратэ-до” федерациясының СҚОФ директоры:

– Мейбукан годзю-рю карате-до-дан республикалық оқу-әдістемелік семинарына Солтүстік Қазақстан облысының жаттықтырушылары да қатысты. Кейін кезекті санатқа тестілер қабылданды. Онда біздің 2 спортшымыз бақтарын сынап, нәтижесінде Уалихан Макенов және Айтқан Қалғаев бірінші данды иеленді.

Айту керек, жеңімпаздар алдағы уақытта Одесса қаласында өтетін Әлем Кубогында ел намысын қорғайтын болады.

Молдир Макишева