Құқық қорғау органдары

Полицейлер техникасының дайындығы тексерілді

Қылмыс орнына дер кезінде жету, заңбұзушыны құрықтау және күрделі істерді ашу. Бұндай шаруаны мейлінше жылдам атқару үшін тәртіп сақшысының мобильді болуы талап етіледі. Осы орайда полицейлердің қызметінде сенімді серігіне айналған арнайы техниканың алар орны бөлек. Сол себептен департамент басшылығы темір тұлпарлардың жылдың әр мезгіліне сақадай-сай болуына ұдайы көңіл бөліп келеді.

Баян Байғаскина – СҚО ІІД ЖПҚ инспекторы:


– Шаһардағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін күнделікті қамтамасыз ету үшін 257 полицей кезекшілікке түседі. Соның 40-ы автопатруль, 6 модуль мен саяжайларда кезекшілік атқаратын 4 атты ковалер жұмысқа түседі.


Бұдан бөлек өңірдің бас полицейі Берік Біләлов, күнделікті кезекшілікке түсетін құқық қорғаушылардың дайындығын да назардан тыс қалдырмады. Бұл күні ішкі істер органдарымен қоян-қолтық жұмыс істейтін арнайы күзет агенттіктерінің өкілдері де елеусіз қалмады.

Салтанатты шара полицейлердің саптық жүрісімен аяқталды.

Бахыт Садвокасов