ТЖ

Калинин зауытының маңында құрғақ шөптен өрт шықты

Сағат түскі бірлер шамасында құтқарушыларға Петропавлдағы Калинин атындағы зауыттың маңында құрғақ шөп алқабының өртке оранғандығы жайлы ақпар түседі. Ярослав Гашек көшесінде орналасқан өндіріс ошағына облыстық ТЖД өрт сөндірушілері мен техникасы жедел жетті. Тек тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтауға қатты жел мен жанып жатқан шөптің көптігі кедергі келтірген. Салдарынан қызыл жалын жақын маңда тұрған 3 бірдей алып металл қоймаларға жайылды. 40 құтқарушы мен 10 бірлік техниканың көмегімен өрт 2 жарым сағаттың ішінде ғана толықтай ауыздықталды. Зауыт жұмыс істемей, тоқтап тұрғандықтан жапа шеккендер жоқ. Оқыс оқиғаның себептері мен өрттен келтірілген шығын әлі анықталу үстінде.

Саят Ермек